«KAZsport» телеарнасы таеквондодан Әлем чемпионатын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасы таеквондодан Әлем чемпионатын көрсетеді

13.05.2015
«KAZsport» телеарнасы таеквондодан Әлем чемпионатын көрсетеді

Сайста Оңтүстік Корея, Қытай, Иран, Ресей, Мексика мен Кубадан келген мықты спортшылармен қатар Қазақстан Ұлттық құрамасының таеквондошылары да сынға түседі.

Жарыстың алғашқы күні қыздар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде кездесулер өтті. Қазақстандық Жазира Сапарбек қытайлық Жаои Лиге 5:0 есебімен есе жіберді. Ал, ерлер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасының таеквондошысы Нұрсұлтан Мамаев АҚШ елінің спортшысы Дрю Плюмьерді 2:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Челябинск қаласындағы таеквондодан Әлем чемпионатын 13 мамырдан бастап көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

13 мамыр. 23:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (46 кг), Ерлер (58 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
15 мамыр. 13:00. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (49 кг), Ерлер (74 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
15 мамыр. 23:55. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (67 кг), Ерлер (68 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
16 мамыр. 01:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (53 кг, +73 кг), Ерлер (54 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
17 мамыр. 22:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (73 кг), Ерлер (87 кг, +87 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)

Хабарламаларға жазылу