«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкиннің жақын арадағы екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкиннің жақын арадағы екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығын иеленді

12.05.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкиннің жақын арадағы екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығын иеленді

«Қазақстан» РТРК» АҚ Г.Головкиннің 2015 жылды өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды.

Ал, 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Г.Головкин мен орта салмақта «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші В.Монромен жекпе-жегін Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.

17 мың адам сиятын Лос-Анджелестің (АҚШ) жаңартылған «The Forum» аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 07:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарсанынан көрсетіледі.

Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі шамамен таңғы 09:00-де көрсетіледі. Трансляцияның қайталауы 18 мамырда сағат 14:00-де және кешкі уақытта «КAZsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Головкиннің екінші жекпе-жегі болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланған. Нақты күні, өткізілетін орны мен қарсыласының есімі әлі белгісіз. Нақтысы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкиннің жекпе-жекгін көрсету құқығына ие және көрермендер оны тікелей эфирде тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу