«Таңшолпанда» - «Қыздар» телехикаясының кейіпкерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Қыздар» телехикаясының кейіпкерлері

11.05.2015
«Таңшолпанда» -  «Қыздар» телехикаясының кейіпкерлері

«Телехикая «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілді. Бұл негізі  «Достар» телехикаясының жалғасы болсын деген тапсырыс еді. Бірақ, біз туындының бағытын сәл өзгертейік, деп шештік. Осылайша, «Қыздар» дүниеге келді. Негізгі тақырып, негізгі кейіпкерлер қыздар болғандықтан, атауы да осылай қалды»,-дейді режиссер Рашид Сүлейменов.

«Телехикаяға кастинг арқылы келдік. Бізді фотопробаға, видеопробаға қайта-қайта шақырды. Сөйлеу мәнерімізге, қазақ тілін қаншалықты білетінімізге қарады. Кастингтен өткен күнім, менің туған күніме сәйкес келді. Сондықтан, мұны мен ең керемет сыйлық санаймын», дейді Гүлдана Ахмет.

«Түсірілім алаңында түрлі қызықты сәттер болып жатты. Соның бірі – Айлан мен Мерейдің бөлмесінде түсірілетін көріністер кезінде, барлық түсірілім тобы сол бөлмеде аз да болса, ұйықтап алатын. Себебі, жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, ұйқы да қанбайтын еді»,-дейді актрисалар.

Сұхбаттың толық нұсқасы – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу