Қазақстан халқы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

10.05.2015
Қазақстан халқы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

Олар 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешті. Олар өлімге бас тікті. Олар Жеңіс сыйлады. Қазақстан халқы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті.

Қазақтың Қарулы Күштері мен әскери жауһары. Елордада қазақтың әлемге айбыны мен айбарын көрсетер әскери шеру болды.

Бір жасынан концлагерьде болған кейуана. Үйіне қаралы қағаз келіп, бірақ соғыстан аман оралған майдангер. Жауынгер хаттарын жатқа оқитын әже.

Фашистер бомбалаған Жәнібек ауылындағы қилы тағдырлар туралы толығырақ  бүгін 20:00-де «Apta.kz»-тен көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу