Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорттық нұсқасы бойынша Қазақстанның V Чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорттық нұсқасы бойынша Қазақстанның V Чемпионаты өтеді

06.05.2015
Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорттық нұсқасы бойынша Қазақстанның V Чемпионаты өтеді

«Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорттық нұсқасы бойынша Қазақстанның V Чемпионатына республика қалаларынан 20 команда қатысады. Сонымен қатар, негізгі турнир аясында зияткерлік пәндер бойынша жарыстар өтеді. Мысалы қазақстандық зияткерлер «Брэйн-ринг», «Своя игра» және «Хамса» ойындарында бақ сынайды.

Астанадағы жарыстың жеңімпазы қараша айының 12-15 күндері Тбилисиде өтетін 2015 жылғы Әлем Чемпионатына жолдама алады.

«Отандық командалардың халықаралық синхрондық турнирлерде тұрақты нәтижелерге қол жеткізуін есепке алып, Әлем чемпионатында да қазақстандықтардан жақсы ойын күтеміз», - дейді чемпионатты ұйымдастыру комитетінің өкілдері.

Осы жылы қазақстандық зияткерлердің жарысына НҚҚ Азия лигасының төрағасы, ұйымдастыру комитетінің және Әлем Чемпионаты ойынының әділ қазыларының мүшесі Азизбек Юсуфов, «Хамса» ойынының авторы және негізін қалаушы Фаик Гусейнов, сондай-ақ ХҚК өңірлермен жұмыс істеу комиссиясының төрағасы және Әлем чемпионатының жүргізушісі Сергей Абрамов қатыспақ.

Айта кетейік, «Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорттық нұсқасы бойынша Қазақстанның бірінші чемпионаты Ақтауда 2011 жылды өткен еді. Сол кезде сайысқа алты қаланың (Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Теміртау) 15 командасы және Ресейдің зияткерлері күш сынасқан.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу