Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді

06.05.2015
Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді

9 мамыр күні халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін өткізеді.

Шараға  халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы президенті, соғыс ардагері, академик - Әбдуәли Қайдар, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, қоғам вице-президенттері Ғарифолла Әнес, Ерден Қажыбек,  қоғамның Алматы қалалық филиалының төрағасы Құсман Шалабаев, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мамай Ахетов, Басқарма мүшесі, профессор - Әлімхан Жүнісбек, ұлт жанашырлары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысады.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін академик Әбдуәли Қайдар сөз сөйлеп, академик Өмірзақ Айтбайұлы «Бауыржан Момышұлы – ұлт тілін қорғаған батыр» атты баяндама жасайды.

Хабарламаларға жазылу