Мемлекет басшысы КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

03.05.2015
Мемлекет басшысы КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған,  мол мұра қалдырған Ш.Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. 

«Шамғон Сағаддинұлы халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі, домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу