National Geographic ұйымдастырған байқауға фотосуреттер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

National Geographic ұйымдастырған байқауға фотосуреттер қабылдау басталды

02.05.2015
National Geographic ұйымдастырған байқауға фотосуреттер қабылдау басталды

 

National Geographic Traveler фотосурет байқауына жұмыстар қабылдана бастады.  Сайыс 4 аталым  «Саяхат  барысында кездескен адамдардың портреті»,  «Пейзаж», «Орын» және «Қас-қағым сәт»  бойынша өтеді.

Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар мен сертификаттар беріледі. Сонымен қатар, Коста-Рика мен Панама каналына сегіз күндік фотоэкспедицияға  және  Йеллоустон мен  теңіз саяхатына алты күнге екі адамдық  жолдама  сыйға тартылады.

Суреттер 30 маусым дейін қабылданады, деп жазады  ijnet.org. 

 

ФОТО: astv.ru

Хабарламаларға жазылу