«Гүл өссе - жердің көркі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гүл өссе - жердің көркі»

28.04.2015
«Гүл өссе - жердің көркі»

Гүл – сұлулықтың, әсемдіктің, тазалықтың, өркендеу мен көркеюдің белгісі. Қазақстан - қызғалдақтың отаны. Себебі, елімізде қызғалдақтың 32 түрі кездессе, соның 11-і біздің жерімізде ғана өседі.

Қызғалдақ  – лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұлардың биіктігі 3-50 сантиметр, сабағы жұмыр, тік өседі, тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл, сары түсті. Жемісі қауашақ. Қызғалдақты қалалық жерлерде әсемдік үшін және одан хош иісті зат алу мақсатында өсіріп, баптап-күтеді. Қызғалдақтың 18 түрі өте сирек кездесетін гүлдер.

Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бір ғажабы, сары, қызыл, ақ қызғалдақтар қазақ даласының барлық аймағында өскенімен, қара қызғалдақтарды тек Торғай жерінен кездестіруге болады.

Елімізде гүл өсіру мен гүл бизнесі ең кенжелеп қалған салалардың бірі. Неге? Неге біз гүлдің отаны бола тұра, гүлді шеттен аламыз? Неге біз бір-бірімізге туған топырағымызда өспеген гүлдерді сыйлаймыз? Осы сауалдардың жауабын «Айтуға оңайдан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу