Шаңырақ үлгісіндегі қазақы шам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңырақ үлгісіндегі қазақы шам

28.04.2015
Шаңырақ үлгісіндегі қазақы шам

Алтын, күміс түстес шаңырақ іспетті аспалы шамдар әрбір үйдің сәнін кіргізері анық. Киіз үйдің қасиетті шаңырағы енді барлық үйден сәуле шашып, жарық беріп тұрады.  Дизайнер Мейрам Қабдырахманұлы атамекенге оралған соң, осы кәсіпті қолға алған.

«Елбасымыз 1991 жылы күміс бақанмен көтерген алтын шаңыраққа уық болып шаншылып, кереге болып  керілейік деп келдік. Президенттің шетелдегі қандастар Қазақстаннан не аламын деп емес, Қазақстанға не беремін деп келуі керек, деген Жолдауы болған.  

Сол Жолдауына жауап ретінде шаңырақ үлгісіндегі қазақы шам жасадық. Бұл шамдарды пультпен басқару жағын да қарастырдық. Тамыз айында сатылымға шығармақпыз»,-дейді Мейрам Қабдырахманұлы.

Кәсіпкер алдағы үш жылда мұндай шамдардың 87 түрін жұртшылыққа ұсынбақ.

Шамның ерекшелігі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу