Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының екі бірдей басшысы жаңадан тағайындалды.
Театрдың бұрынғы директоры Сұлтан Сраилов қызметінен босатылып, оның орнына продюсер, режиссер, актер Сәбит Әбдіхалықов келді.
Ал, театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған Ерлан Біләлдың орнына театр режиссері, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ақманов тағайындалды.