Алматыда «ТТТ» деп аталатын әзіл-сықақ театры ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «ТТТ» деп аталатын әзіл-сықақ театры ашылды (ВИДЕО)

27.04.2015
Алматыда «ТТТ» деп аталатын әзіл-сықақ театры ашылды (ВИДЕО)

 

Қазақ сахна өнері «ТТТ» деп аталатын әзіл-сықақ театрымен толықты. «Тамашаның» көркемдік жетекшісі болған Асылбек Боранбаев бір топ актермен бірге ерекше бағытта жаңа театр ашуды қолға алған.

Театр ұжымы қазіргі заманға лайықты тақырыптарды қозғап, халықаралық  деңгейде өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

«Басқа театрларға ұқсамайтын  өзгеше театр құрмақ ойымызда бар. Сондықтан өзіміз бөлек кеткенді жөн санап отырмыз. Бірақ ешкіммен ренжіскен жоқпыз. Өз еркімізбен шығып, бөлек «ТТТ» деген театр ашудамыз»,- дейді «ТТТ» әзіл-сықақ театрының директоры Асылбек Боранбаев.

Актердің айтуынша, мұндай атаудың өзіндік мәні бар.  

«Бұл - құпия. Оны айтсақ, бүкіл ел біліп қояды. Бұл туралы 2 мамырда Студенттер сарайында өтетін  театрдың ашылуында айтамыз», - дейді ол.

«ТТТ» әзіл-сықақ театры туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу