Павлодарда Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған Шахмардан Әбіловтің «Абай әлемі» атты концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған Шахмардан Әбіловтің «Абай әлемі» атты концерті өтті

25.04.2015
Павлодарда Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған Шахмардан Әбіловтің «Абай әлемі» атты концерті өтті

Концерттік бағдарлама 3 циклдан құралған. Алғашқы бөлімде Абайдың өлеңдері айтылса, екінші бөлімде Ш. Әбілов жұртшылық назарына Абайдың аудармаларын ұсынды.

Концерттің соңғы бөлімінде қазақ композиторларының хакімнің сөздеріне жазылған әндері орындалды. Шахмардан Әбіловтің «Абай әлемі» атты концертіне аймақ басшысы Қанат Бозымбаев арнайы келіп, ықылас гүлін табыстады.

«Аталмыш концертте жалпы саны 23 композиция орындалды. Сонымен қатар, Шахмардан Қайдарұлының шәкірттері А.Құнанбаевтың әндерін жұртшылыққа тарту етті. Жергілікті скрипкашылар, домбырашылар мен қобызшылар да мерекелік бағдарламаның сәнін кіргізді», - деді Амангелді Қожанов.

Хабарламаларға жазылу