«Біржан сал» фильмі – тарихи туынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біржан сал» фильмі – тарихи туынды

25.04.2015
«Біржан сал» фильмі – тарихи туынды

«Біржан сал» фильмі – әнші-композитордың өмірдегі махабаты мен ғадауатын, сал - серілік салтанаты мен байдың итаршыларынан көрген қорлығын, әншінің ішке біткен бітеу жарасын көрсеткен.

XIX - ғасыр қазақ даласының көшпенділер өмірімен қоштасу ғасыры. Туған даласында мыңдаған жылдық дәстүрі қалыптасқан, табиғатпен етене араласқан ұлттың өркениеттік дәстүр ауыстыру сәті осы фильмде режиссерлік көркем шешімдер арқылы сәтті бейнеленген.

Даланың азат ұлдарының қыл бұрау, темір шеңгелге бас бергісі келмей, іштей қарсыласуы, егесуі фильмде Біржан әндерінің тууының себептері ретінде суреттеледі.

Ұлттық тамырын іздеу, ұлттық дәстүрлердің нәзік бастауларын тануға ұмтылу - болашағына бағдар, алдағы күнге бағыт алған халықтың ісі. Қазақ көрерменіне, келер ұрпаққа өнерпаз бабалардың аманатын жеткізуді мұрат тұтқан фильмді бүгін 16:00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу