1996 жылы құрылған «Zета» компаниясының нарыққа енгеніне 20 жылға жуықтап қалды. «Zета» қазіргі кезде «Zета Инжиниринг», «Р.Т.Z», «Норма – 2005» секілді ЖШС-терін құрайтын Қазақстандағы ең ірі өндірістік компаниялардың бірі.
Бірнеше жыл ішінде өндірістік компания шығарып жатқан өнім түрлері нарықтық экономикада өзінің бәсекеге қабілетті өндіріс орны екендігін дәлелдеп шықты. Қазіргі кезде «Zета» Қазақстандағы өндіріс саласының брендіне айналып келеді.
«Zета» компаниясы Қазақстандағы өндіріс саласы бойынша озық танылып, шығарған өнімдері сапасы жағынан да, халықтың тұтынуына қолжетімділігі жағынан да тиімді, қолайлылығымен халық сұранысына ие.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныса аласыздар.