«Қазақия-2015» байқауында Ұлттық арна тілшісі Нұрбек Бекбау I орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақия-2015» байқауында Ұлттық арна тілшісі Нұрбек Бекбау I орынды иеленді

22.04.2015
«Қазақия-2015» байқауында Ұлттық арна тілшісі Нұрбек Бекбау I орынды иеленді

Жуырда 12 тәулікте еліміздің  12 станциясын теміржол бойымен басып өтетін блогшылардың «Қазақия-2015» байқауы ұйымдастырылған еді.

Ондағы мақсат – әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылардың көзімен Қазақстанды жаңа қырынан таныту, қазақтілді интернет кеңістікті (әлеуметтік желі) сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру. 

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу үшін әлеуметтік желі белсенділері, блогерлер арасында іріктеу өтті. Нәтижесінде үздік ондық анықталып, сапарға аттанған-тын.

Сол ондықтың ішінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Жаңалықтар қызметінің тілшісі Нұрбек Бекбау I орынды иеленіп, 500 мың теңгені қанжығасына байлады.

Фото: Алмат Әбдіраманның Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Хабарламаларға жазылу