Штрафбаттағы қазақ қызы – Халида Маманова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Штрафбаттағы қазақ қызы – Халида Маманова

21.04.2015
Штрафбаттағы қазақ қызы – Халида Маманова

Халида Маманова соғысқа 1942 жылдың ақпанында шақырылады. Медицина институтының түлегіне лейтенант шені берілуі тиіс болатын. Бірақ, Халидаға ондай лауазым бұйырмады. Тіпті, оған медбике болуға да рұқсат етілмеді. Медициналық қапшықтың орнына, мола мен окоп қазу үшін қолына күрек ұстатты.

Өзіне тиесілі шен мен әскери лауазымын ала алмаған Халида Сталинге хат жазады. «Егер мен халық жауы болсам, онда штрафбатқа жіберіңіз. Егер, тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты алып тастаңыз!». Қайсар қыз көп өтпестен, зэктер мен саяси тұтқындардың арасынан бір-ақ шығады...

Жұртшылық профессор, медицина ғылымдарының докторы, II Дүниежүзілік  соғыс ардагері, штрафбат құрамында Берлинге дейін жеткен қазақ қызы – Халида Маманова туралы біле ме? Бүгін 22:45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу