Бокстан Албанияда өткен Vllaznia халықаралық турнирінен бес боксшымыз жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Албанияда өткен Vllaznia халықаралық турнирінен бес боксшымыз жүлдемен оралды

21.04.2015
Бокстан Албанияда өткен Vllaznia халықаралық турнирінен бес боксшымыз жүлдемен оралды

16Албаниядағы халықаралық турнирге бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының 5 боксшысы барған. Олар: Алмасбек Әлібеков (64 келі), Сағадат Рахманқұлов ( 69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Арман Рысбек (81 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 келі).

69 келідегі Сағадат Рахманқұлов пен +91 келідегі Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің жеңімпазы атанса, 64 келідегі Алмасбек Әлібеков финалда ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал, 75 келідегі Сапарбай Айдаров пен 81 келідегі Арман Рысбек турнирдің қола жүлдегері атанды.

Хабарламаларға жазылу