Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының үшінші кездесуін Жапонияға қарсы өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының үшінші кездесуін Жапонияға қарсы өткізеді

21.04.2015
Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының үшінші кездесуін Жапонияға қарсы өткізеді

Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшінші кездесуін Жапония құрамасына қарсы өткізеді.

Осыған дейін Қазақстан Ұлттық құрамасы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы ойынды Украина құрамасына қарсы өткізіп 5:2 есебімен ұтқан болса, екінші кездесуде Венгрия құрамасын 5:0 есебімен жеңді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирдегі үшінші кездесуін 22 сәуір күні Жапония құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыз.

Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындар күнтізбесі:

22 сәуір. 16:50. Қазақстан – Жапония

23 сәуір. 23:50. Қазақстан – Польша

25 сәуір. 20:20. Италия – Қазақстан

Хабарламаларға жазылу