Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі - Болат Жәмішев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі - Болат Жәмішев

20.04.2015
Отандық автокөліктерді сатып алушыларға 4 пайыздық мөлшерлемемен автонесие беріледі - Болат Жәмішев

Ал, автонесиелердің атаулы жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «ҚДБ» АҚ Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

«Ұлттық қордан 20 жылдық мерзімге 15 миллиард теңге бөлінді. Қарыз алушыға берілетін несиенің мерзімі 5 жыл екенін ескерсек, бұл бағдарлама бір реттік емес. Яғни бағдарлама тұрақты негізде жүзеге асырылады. Банктер несилердің өтелуіне қарай, несие алуға ниет білдіргендерді қаржыландырып отырады», - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша жылдық атаулы мөлшерлеменің көлемі 4 пайыздан аспайды. Бұл жерде жылдық тиімді мөлшерлеме сақтандыруға және несиені рәсімдеуге кеткен шығындарды қоса есептегенде 7,5 пайызды ғана құрайды.  

«Несиеге берілетін машиналардың бағасы – 5 600 000 теңге, яғни шамамен 30 мың АҚШ доллары. Бұл несие алушыларды көптеп қамтуға арналған. Бастапқы жарнаның көлемі - 20 пайыз. Несие тек жеке тұлғаларға ғана беріледі», - деді «ҚДБ» АҚ Басқармасының төрағасы.

Сонымен қатар, Болат Жәмішев заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерлер бағдарламаның екінші бөлігін пайдалана алатындығын жеткізді. Яғни, олар көліктерді мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейінгі лизингке сатып ала алады. Оның жылдық мөлшерлемесі - 4 пайыз. Несие теңгемен беріледі. Лизинг бойынша бастапқы жарна көлік бағасының 30 пайызды құрайды.

Хабарламаларға жазылу