«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ішкі туризмді дамыту жобасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ішкі туризмді дамыту жобасы жасалады

20.04.2015
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ішкі туризмді дамыту жобасы жасалады

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бұл салаға ерекше көңіл бөлінгендіктен ішкі және елге келу туризмін дамыту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындалады. Бағдарлама тізіміне «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша болашақта салынуы және жөнделуі тиіс көптеген  инфрақұрылымдық нысандар енгізілген», - деді Г.Құрбанбаева.

«Біз биылғы жыл шешуші кезең болады деп үміттенеміз. Келесі жылдан бастап, Қатонқарағай, Алматы облысында салынып жатқан нысандар, сондай-ақ, Солтүстік және Батыс Қазақстандағы теңдесі жоқ нысандарға бару айтарлықтай жеңілдейтін болады»,-деді басқарма төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек  Ақмола, Шығыс Қазқстан облыстарында жергілікті әуежайлар салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің аясында теміржол бағыттарын одан әрі созу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Хабарламаларға жазылу