Лизинг пайдалану деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лизинг пайдалану деген не?

20.04.2015
Лизинг пайдалану деген не?

Лизинг шарты – мүлікті жалға алу шартының ерекше түрі. Бұл – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін аса маңызды. Себебі, лизинг кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланылатын мүлікті алу үшін беріледі.

АҚШ-та пайда болған және Еуропа елдерінде кеңінен тараған лизинг шарты қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінде қолданылады.

Жалпы,  лизинг шарты бойынша сатып алынатын мүліктер қатары кең, тіпті, тұтынылмайтын заттар да қамтылған. Алайда, бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг шарты бойынша сатылмайды.

Біздің елде бұл жүйенің ахуалы қандай? Жеке кәсіпкерлер үшін лизинг пайдалану қалай жүзеге асырылады? Бүгін 18:50-де «Заң және біз» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу