«Бүгiнде визасыз режим мәселесiне үлкен маңыз берiлуде. Сыртқы iстер министрлiгi, IIМ, ҰҚК мен ҰКП, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен бiрлесiп, визасыз режим енгiзiлген 10 мемлекеттiң санын 26-ға жеткiзу жөнiнде жоба жасақталды. Бұл EXPO-2017 көрмесiне үлкен қолдау болады деп есептеймiз. Енді енгiзу барысы жылдамдатылса деймiз. Жазға қарай бiздiң елге визасыз келуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк-құқықтық Заң болады деп жоспарлаудамыз», - дедi Гүлнәр Құрбанбаева.