Асылжан Тәжібай – қазақтан шыққан алғашқы тракторист қыздардың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылжан Тәжібай – қазақтан шыққан алғашқы тракторист қыздардың бірі

20.04.2015
Асылжан Тәжібай – қазақтан шыққан алғашқы тракторист қыздардың бірі

Бүгінде темір тұлпарды тізгіндеп жүрген қыз-келіншектер жетерлік. Ал, 1960-шы жылдардың басында алматылық Асылжан Тәжібай апа алғашқылардың бірі болып, трактор рөліне отырды.

Ауылдастары Асылжан апаны еркелетіп, «шопыр қыз», «Асылжан шопыр», деп атап кеткен. Ол кісі кеудесіне «Еңбек Қызыл ту» орденін тағып, Қазақ ССР-нің Жоғарғы кеңесіне депутат та болған.

«Темір тұлпарды бағындыруым бес баламды ешкімнен кем қылмай өсіремін, деген мақсаттан туды. Егін науқанында тракторшыларға ауысыммен істейтін адам керек болды. Содан ДТ-54, ДТ-75 тракторларына отырып, жер жырттым»,-дейді Асылжан апа.

Ол кезде қазақ қыздарының арасында техника тілін меңгергендер жоқтың қасы еді. Жүргізушілер даярлайтын арнайы курсты бітірген Асылжан апа трактор жүргізіп, комбайнмен астық жинауға да үлес қосқан. Қайсар қыз сүт  таситын көлікті,  жұмысшыларды жеткізуге арналған  машинаны да оңай игереді.

Наурыз айында 84 жасқа толған ана әлі күнге дейін көлік жүргізеді. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу