Мемлекет басшысы «Алматы көктемі» фестиваліне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Алматы көктемі» фестиваліне қатысты

19.04.2015
Мемлекет басшысы «Алматы көктемі» фестиваліне қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы көктемі» фестиваліне қатысты. Елбасы қала жұртшылығы мен жастарға арнаған сөзінде көктем мезгілі Алматыны айрықша көрікті ете түстінін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Алматы – мәңгілік көктем қаласы, Орталық Азияның інжу-маржаны. Алматыда тұрған немесе оған келіп кеткен адам ғажап таулары мен тамаша климатын ешқашан ұмытпайды. Бұл мегаполис Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бесігі – республикамыздың жаңа тарихы басталған жер.

Қала еліміздің мәдениет, қаржы және спорт орталығы. Ел экономикасының 20 пайызы Алматыға тиесілі. Мен мұнда келген сайын оң өзгерістерді көремін. Қаланың дамуы әрдайым менің жеке назарымда және мемлекеттің басымдығы саналады»,  – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматының келешегіне да тоқталды. Мұнда 2017 жылы Дүниежүзілік универсиада өтеді, қаланы туризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы мен экологиялық ахуалы жақсаруда.

Жиырма мыңнан астам адам қатысқан шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Хабарламаларға жазылу