Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» жобасының негізгі миссиясы – елді таныту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» жобасының негізгі миссиясы – елді таныту

17.04.2015
Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» жобасының негізгі миссиясы – елді таныту

«Қазақия-2015» – бұл блогшылардың 12 тәулікте еліміздің  12 станциясын теміржол бойымен басып өтетін байқауы. Байқаудың мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды жаңа қырынан таныту, қазақ тілді интернет кеңістікті (әлеуметтік желі) сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен   толықтыру. 

«Қазақия-2015» жобасының ұйымдастырушысы Рахат Жақсыбай бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, байқау төңірегінде ой бөлісті.

«Бұл жоба  елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылар, блогерлер арасында іріктеу өтті. Нәтижесінде үздік ондық анықталып, олар Қазақстанның 12 станциясын басып өтеді де, әрбір станцияға тоқтаған сайын пост жазып, фото, видео жариялайды. Осы жоба арқылы Қазақстанның кейбір аймақтары туралы толыққанды ақпарат беру көзделген»,-дейді Рахат Жақсыбай.

«Жобаға қатысушылар әр станциядан кемінде екі көлемді жазба жазуы тиіс. Бүгінге дейін бас-аяғы 150-ге жуық материал жарияланды. Жобаның негізгі миссиясы – елді, жерді таныту».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу