ҚТЖ мен РТЖ басшылары Мәскеу-Бейжің жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралін салу туралы келіссөздер жүргізбек

17.04.2015
ҚТЖ мен РТЖ басшылары Мәскеу-Бейжің жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралін салу туралы келіссөздер жүргізбек

20 сәуірде «Қазақстан темір жолы» АҚ басшысы Асқар Мамин «Российские железные дороги» АҚ басшысы Владимир Якунинмен кездесіп, Мәскеу-Бейжің бағытындағы жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралін салу туралы келіссөздер жүргізбек, деп хабарлайды РИА Новости.

Әзірге магистральдің екі бағыты қарастырығлған. Біреуі – Қазақстан, ал екіншісі – Алтай арқылы.

«Менде 20 сәуірге Владимир Якунинмен кездесу жоспарланған. Біз Мәскеу-Бейжің бағытындағы жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралін салу жобасын талқылаймыз. Магистральдің бағдары қалай жасалып, Қазақстан арқылы қалай өтетінін қарастырамыз», - деді Асқар Мамин.

Келіссөздер барысында алып инфрақұрылымдық жобаның қаржыландыру көздері мен көлемі, іске қосылу кезеңдері де талқыланбақ.

Хабарламаларға жазылу