Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді, сондай-ақ Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты, деп хабарлайды www.akorda.kz сайты.
Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ортағасырлық бірегей сәулеткерлік ескерткіш.
Кешеннің 465 гектар аумағында 6 музей бар, соның 1-еуі ашық аспан астында орналасқан. Музей қорында 13 800 жәдігерлік, ал ғылыми кітапханада 5 мыңнан аса кітап жинақталған.