Қазақстан Туы Солтүстік полюсте желбіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Туы Солтүстік полюсте желбіреді

17.04.2015
Қазақстан Туы Солтүстік полюсте желбіреді

Бірінші қазақстандық шаңғы экспедициясы Солтүстік полюске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясының байрағын және Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне берген өтінімін орнатты.  

Экспедиция наурыз айының соңғы күндерінің бірінде Алматыдан Ослоға ұшып шығып, одан ары Лонгйирге сапарлаған. Онда қазақстандықтар 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында экспедицияға дайындалып, 4 сәуір күні Лонгйирден Барнео мұзды аэродромына ұшақ арқылы жеткен. Дәл осы жерден экспедиция Солтүстік полюске жол тартуы тиіс. Лонгйирде  экспедиция мүшелері сол жердің тұрғындарына қазақтың дастарханынан дәм таттырып, кәдесыйлар тарту етті.

Айта кетейік, экспедиция құрамында Нұрлан Әбдуов, Сергей Бодров, Константин Орлов және Бақыт Керімжанов бар.

Хабарламаларға жазылу