«Қазақстан» РТРК» АҚ Мәскеудегі Баспасөз хатшыларының халықаралық VII конкурсының дипломанты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Мәскеудегі Баспасөз хатшыларының халықаралық VII конкурсының дипломанты атанды

17.04.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ Мәскеудегі Баспасөз хатшыларының халықаралық VII конкурсының дипломанты атанды

16 сәуір күні Ресей астанасы Мәскеу қаласында «Баспасөз – 2014» Халықаралық VII конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Осыған байланысты, «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз хатшысы Рауан Есқали конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысып, «Баспасөз» журналының таңдауы аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.

Бұл аталым «Баспасөз» жалпыресейлік журналы редакциясының ұйғарымы бойынша, ең қызықты деп танылған жұмыстарға беріледі.

Айта кету керек,  «Баспасөз қызметі» конкурсына «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы биыл алғаш рет қатысып отыр.

Қазылар алқасы конкурсқа келіп түскен жұмыстарды 11 аталым бойынша бағалады. Олардың қатарында «Бизнестегі үздік әлеуметтік жоба», «Әлеуметтік медиадағы PR», «Корпоратив ішіндегі PR бойынша үздік жоба», «Үздік баспасөз хабарламасы», «Бизнестегі үздік PR-жоба», «Мемлекеттік саладағы үздік PR-жоба», «Аймақтарды ілгері жылжыту», «Жаңадан басталған PR», «Үздік корпоративтік БАҚ», «Жылдың баспасөз хатшысы», «Жылдың Баспасөз қызметі».

Хабарламаларға жазылу