Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

16.04.2015
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

16 сәуірде республикамыздың  басым аймағында  жауын-шашын жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

Ал, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні күшейіп, 15-23 метр/секундқа жетіп, жаңбыр жауады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлеріне тұман түседі, деп болжануда.
 

 

Хабарламаларға жазылу