Ұлыбританияда винил пластинкалар хит-парады қайта жаңғыртылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда винил пластинкалар хит-парады қайта жаңғыртылды

16.04.2015
Ұлыбританияда винил пластинкалар хит-парады қайта жаңғыртылды

Британдық музыкалық хит парадтарды құрастыруға жауап беретін Official Charts Company винил күйтабақтарының чартын жаңарту туралы шешім қабылдады. 

Хит-парадта апта сайын 40 үздік музыкалық композиция мен альбомдар пластинкада шығарады, деп жазады Guardian газеті.

British Phonographic Industry өкілі Дженнаро Кастальдоның айтуынша, чарт қандай да бір әртіс немесе музыка түрінің жаңғыруына ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ, жас буын жанкүйерлерді күйтабақтан музыка тыңдау арқылы рухани мәдениетті қалыптастыруға шақырады.

Чарт 2008 жылы Музыкалық дүкен күні қарсаңында винилдің танымалдылығы мен күйтабақтардың сатылымын арттыру мақсатында құрылған. Өйткені, 2007 жылы пластинканың Британияның музыка нарығындағы үлесі 0,1 пайызды құраған. Алайда, қазіргі уақытта винил хит-парадын жасау арқылы пластинканың танымалдылығының тез өсуі байқалады.

Дженнаро Кастальдо атап өткендей, винил альбомдары жоғары деңгейге көтеріліп, ары қарай өсуін жалғастыра береді. Сондықтан, қазіргі уақытта винил чартын ресми түрде қайтару қисынды. 

Official Charts Company-дың мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың алғашқы үш айында High Flying Birds тобының «Ballad Of The Mighty I» композициясы және Chasing Yesterday альбомы бестселлер болды. Чартқа Pink Floyd, Arctic Monkeys, The War on Drugs және Led Zeppelin енгізілген. 

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу