Оралда жас саяхатшылардың слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жас саяхатшылардың слеті өтті

14.04.2015
Оралда жас саяхатшылардың слеті өтті

Оралда «Менің Отаным - Қазақстан» атты 6-шы республикалық саяхатшылық-экспедициялық слеті аяқталды. Шараға 100-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды zhaikpress.kz сайты.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның Батыс Қазақстан облысында өту себебі, облыс туристік және аймақтық зерттеулерді дамытуда жетекші аймақтың бірі және мұнда жастар туризмін дамытатын 14 станция мен 35 орталық жұмыс істейді.

Шараның нәтижесі бойынша жас туристерден құралған құрама командалар арасында Батыс Қазақстан облысы үздік шықса, екінші, үшінші орындарды Павлодар облысы мен Алматы  қаласы өзара бөлісті. Слеттің соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 

Хабарламаларға жазылу