Sport.kz - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Sport.kz

14.04.2015
Sport.kz

Sport.kz бағдарламасының бүгінгі хабарында Алматы өткен Азия бокс конфедерациясының Бас Ассамблеясының отырысына, футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 6-тур ойындарына, баскетбол маусымының қорытындысына және бірнеше спорттық шараларына арналмақ.

Азия бокс конфедерациясының Бас Ассамблеясының отырысы төрт жылда бір рет болатын азиялық бокстың  алдағы кезеңге даму бағыттарын белгілейтін атаулы оқиғалардың бірі. Жиынның басты мәселелердің бірі - ол Конфедерацияның басшылық құрамын сайлау болды.

Ал, өткен аптада Денис Тен Астана қаласында мәнерлеп сырғанаудан биылғы маусымды қорытындылау баспасөз мәслихатын өткізді.

Сондай-ақ, бағдарламадан Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы 19-25 сәуір аралығында Польшаның Краков қаласында өтетін хоккейден Әлем чемпионатына дайындығын көре аласыз.

Sport.kz бағдарламасын бүгін 12:55-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыз.

Хабарламаларға жазылу