Алматыда Азия бокс конфедерация Бас Ассамблеясының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Азия бокс конфедерация Бас Ассамблеясының отырысы өтті

13.04.2015
Алматыда Азия бокс конфедерация Бас Ассамблеясының отырысы өтті

Ассамблея жұмысына Азияның 33 мемлекетінің  70-тен астам өкілі қатысты. Атап айтқанда, Конфедерацияның вице-президенттері мен Атқарушы комитеттің мүшелері, ұлттық федерациялардың президенттері мен бас хатшылары.

Жұмыс барысында өткен 4 жылдың нәтижелері қорытындыланып, үлкен спорттық жиылымның қатысушылары алда тұрған мақсаттарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – Конфедерацияның басшылық құрамын сайлау. Ұйымның жаңа вице-президенттері болып Рәпіл Жошыбаев (Қазақстан), Юнсук Чанг (Оңтүстік Корея), Чунхаваджра Пичай (Тайланд), Орзубек Назаров (Қырғыз республикасы), Юсуф Али Аль Казим (Катар) сайланды.

Жиналыста Конфедерацияның жаңа логотипі мен бюджеті нақтыланып, 2015 жылы өтетін спорттық жарыстар белгіленді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу