Шымкентте өңірдің энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте өңірдің энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған конференция өтеді

13.04.2015
Шымкентте өңірдің энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған конференция өтеді

15 сәуір күні «Энергиятиімді Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласындағы «Алтын Орда» бизнес орталығында «Энергия тиімділікті арттыру, өңірдің бірқалыпты дамуының шарты ретінде» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шара мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында және  ғимараттарды жобалау мен тұрғызуда энергия тиімділікті арттыру мәселелерін әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жан-жақты талқылау.

Конференцияға тиісті министрліктер мен құрылымдардың, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысады.

Бүгінгі күні Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10 пайызға және 2020 жылға дейін 25 пайызға төмендету бойынша кешенді шаралар қолға алынуда.

Конференцияға қатысушылар осы міндетті орындауда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде ақпарат алады.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу