Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы бірнеше шаруашылық нысандарын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы бірнеше шаруашылық нысандарын су басты

11.04.2015
Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы бірнеше шаруашылық нысандарын су басты

Теңдік елді мекенінің әкімі Қалым Әмиевтің хабарлауынша, қазіргі таңда оқиға орнындағы суды ағызу жұмыстарына МТЗ маркалы төрт трактор мен «Серпіліс» ЖШС-нің 3 ауыр техникасы жұмылдырылған.

«Теңдік ауылына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 22 маманынан құралған топ бағытталды. Сонымен қатар, 6 құтқару техникасы және өзге де құралдар жұмылдырылды. Бүгінде судың деңгейі 20 сантимерді құрап отыр. Төтенше жағдайдың салдарынан 50 бас ірі қара мал мен 40 қой-ешкі қауіпсіз жерге жеткізілді. Әзірге мал шығыны тіркелген жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова.

 

Фото: pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу