Астана қаласында 13 сәуір мен 13 мамыр аралығында көктемгі экологиялық тазалық өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында 13 сәуір мен 13 мамыр аралығында көктемгі экологиялық тазалық өтеді

11.04.2015
Астана қаласында 13 сәуір мен 13 мамыр аралығында көктемгі экологиялық тазалық өтеді

Астана қаласында 13 сәуір мен 13 мамыр аралығында санитарлық тазарту, абаттандыру және Астана қаласының аумағын көгалдандыру бойынша көктемгі экологиялық айлық, ал, 18 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз!» жалпықалалық сенбілігі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан хабарланды.

Экологиялық айлық аясында қала аумағын санитарлық тазарту, көшелерді, жаяу жолдарды, орамішілік аумақты тазалау, сел және арық канализацияларын тазарту; саябақтар мен гүлзарлардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізу, көгалдар мен гүлдіктерді орналастыру шаралары жүргізілмек.

Ал 18 сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілікке шамамен 92 мың адам қатысып, сондай-ақ, 2 316 көшет отырғызу жоспарланған.

 

Хабарламаларға жазылу