Фрилансер-журналистерге арналған халықаралық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

11.04.2015
Фрилансер-журналистерге арналған халықаралық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

«Thomson Reuters Foundation» халықаралық журналистика саласындағы Курт Шорк атындағы байқауға өтінімдер қабылдауды бастады.

Оған дамыған және дамушы елдердің фрилансер-журналистері қатыса алады.

Байқау 2000 жылы «Reuters» агенттігінің тапсырмасын орындау кезінде Сьерра-Леонада қаза тапқан америкалық фрилансер Курт Шорктің құрметіне арналған.

Сыйлықты жыл сайын «Kurt Schork Memorial» (KSMF) қоры тапсырады.

2014 жылдың 1 маусымынан 2015 жылдың 31 мамыры аралығында жарияланған  жұмыстар халықаралық және өз аймағындағы жаңалықтарды жеткізуші фрилансерлер аталымдары бойынша ағылшын тілінде қабылданады.

Материалдар тақырыбы адам құқығы, сондай-ақ, белгілі бір елдегі немесе аймақтардағы мәселелерді қамтуы тиіс. 

Әр аталым бойынша жеңімпаздарға 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Байқауға өтінімдер қабылдау 2015 жылдың 31 мамырына дейін жүргізіледі.

 

 

Хабарламаларға жазылу