Қазақстан Қытайға газ сатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қытайға газ сатады

08.12.2015
Қазақстан  Қытайға газ сатады
Қазақстан  Қытайға газ сатады

Қазақстан шығыстағы көршісіне табиғи газ сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Елдің құбыр жүйелерін диверсификациялау жалғасып жатыр. Биыл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры аяқталды, тек компрессор стансаларының құрылысы ғана жүргізіліп жатыр. Құрылысты толық аяқтау және құбырдың өткізу қуаты ретінде белгіленген жылына 10 млрд текше метр газ айдау мүмкіндігіне жеткізу 2017 жылға жоспарланған»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.

Вице-министрдің айтуына қарағанда дәл осы құбыр 2 млн адамның табиғи газ тұтынуына мүмкіндік беретін көрінеді. Сөйтіп, импортқа тәуелділік азаяды. Сонымен бірге, осы құбыр арқылы табиғи газды Қытайға экспорттаудың да мүмкіндігі пайда болды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу