«ҚазАзот» зауытының бүгінгі тынысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАзот» зауытының бүгінгі тынысы

09.04.2015
«ҚазАзот» зауытының бүгінгі тынысы

Еліміздегі химия өнеркәсібі бағытындағы іргелі кәсіпорындардың бірі – өнімдерімен ерекшеленетін Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты. Ол – синтетикалық сұйық және газ түріндегі мүсәтір мен мүсәтір селитрасын, сондай-ақ, әлсіз азот қышқылын өндіретін бірден-бір зауыт.

1964-1970 жылдары іргесі қаланған кәсіпорын бүгінде еліміздің индустриялық дамуы барысында өзіндік қадамын қалыптастырып, өтімді өнімдерімен танылған іргелі мекеме.

Индустрияландыру бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында жаң­­­ғырту мен қайта құрылымдаудан өткен өндіріс орнының бүгінгі тынысы, алдағы межесі қандай? Сағат 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу