Еліміздегі химия өнеркәсібі бағытындағы іргелі кәсіпорындардың бірі – өнімдерімен ерекшеленетін Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты. Ол – синтетикалық сұйық және газ түріндегі мүсәтір мен мүсәтір селитрасын, сондай-ақ, әлсіз азот қышқылын өндіретін бірден-бір зауыт.
1964-1970 жылдары іргесі қаланған кәсіпорын бүгінде еліміздің индустриялық дамуы барысында өзіндік қадамын қалыптастырып, өтімді өнімдерімен танылған іргелі мекеме.
Индустрияландыру бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырту мен қайта құрылымдаудан өткен өндіріс орнының бүгінгі тынысы, алдағы межесі қандай? Сағат 19.10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан толығырақ біле аласыздар.