Астанада күрес түрлерінен 2016 жылы Рио Олимпиадасына квалификацилық іріктеу турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада күрес түрлерінен 2016 жылы Рио Олимпиадасына квалификацилық іріктеу турнирі өтеді

08.04.2015
Астанада күрес түрлерінен 2016 жылы Рио Олимпиадасына квалификацилық іріктеу турнирі өтеді

2014 жылы Ташкентте өткен Әлем чемпионаты кезінде Қазақстан күрес федерациясы күрестің үш түрі бойынша (грек-рим, еркін және әйелдер күресі) Олимпиада ойындарына іріктеу жарысын Астанада өткізу туралы ұсыныс жіберген. Біріккен Күрес Әлемі комиссиясының шешімі бойынша финалға Астана мен Ұланбатыр шығып, таңдау елордамызға түскен.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес федерациясының вице-президенті Ахролджан Рузиев келіп, жарыс өтетін спорт нысанымен танысып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Конфедерация мен Федерацияның басшылықтарымен кездесулер өткізген. 

Хабарламаларға жазылу