Алғаш есепті Қазақстан жасөпірімдер құрамасы ашты. 21-минутта Владислав Прокопенко мергендік танытып, көзге түссе, 51-минутта Сұлтан Сағынаев есепті 2:0-ге жеткізді. «Қайрат» футболшылары кездесудің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 2:1.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасында алаңға шыққан ойыншылар: Медведев (Устименко), Шәмші (Совет), Куцевол (Ілиясов), Тұрсын (Қашкен), Айтым, Усачев (Шавернев), Сағынаев (Кеңесов), Мұқашев (Махан), Сидоров (Нағашынбаев), Ульшин, Прокопенко (Ваганов).
Еске сала кетейік, Василий Маруняк шәкірттері Бакуде өтетін халықаралық турнирге дайындалуда. Олар турнирде Грузия, Әзірбайжан және Грекия елдерінің футболшыларымен ойнайды.