Иран-Ғайып: Сыртым - еркек, ішкі дүнием – Роза Рымбаева (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран-Ғайып: Сыртым - еркек, ішкі дүнием – Роза Рымбаева (ВИДЕО)

07.04.2015
Иран-Ғайып: Сыртым - еркек, ішкі дүнием – Роза Рымбаева (ВИДЕО)

«Сыртым еркек, ішкі дүнием – Роза Рымбаева», деді ақын, драматург Иран-Ғайып «Сенбілік кездесу» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Роза маған алғаш келгенде әңгімені қабырғасынан қойды. «Аға, маған мәтін керек», деді. Содан бері, міне, 20 жыл болды: сыртым - еркек, ішкі дүниемнің бәрі – Роза Рымбаева», - деп ағынан жарылды танымал ақын.  

Бағдарлама барысында  Иранбек Оразбаев Роза Рымбаевамен қарым-қатынасы және әндерінің шығу тарихы туралы айтты.

«Тасқынды қайғырып шаршадым. Қайғының не екенін білесіз ғой? Маған қиын, аға. Тұйықтан шығуыма көмектесіңізші. Махаббат туралы өлең жазып беріңізші» деді. Әр өлеңнің туу себебі болады. Мен Розаның бар болмысын өз жүрегімнен өткізіп, терең толғандым. Ақыры «Бұл дүние ғайыбы» деген әнді жаздық. Осы қыз үшін 20 жылдан бері әйелше ойлап, әйелше өмір сүріп келемін», - дейді Иран-Ғайып.

Сондай-ақ, ол Роза Қуанышқызына алғаш рет «Розаның толғауы» өлеңін оқып берді. Шығармасында Тасқын Оқапов қайтқан соң әншінің қалай өмір сүргені баяндалған.

Айта кетейік, Ұлттық арнаның эфирінен көрсетілетін «Сенбілік кездесу» бағдарламасының өткен аптадағы шығарылымы Роза Рымбаеваға арналды. Бағдарламаға халықтың ыстық ықыласына бөленген әншінің әріптестері, туыстары, достары мен шәкірттері  қатысты. 

Хабардың  толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу