Шымкентте Әйелдер футболы бойынша баспасөз мәслихаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Әйелдер футболы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

07.04.2015
Шымкентте Әйелдер футболы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешев, ҚФФ Әйелдер комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов және әйелдер футбол бөлімінің жетекшісі Әнуар Биданов баспасөз мәслихатына қатысты.

Баспасөз мәслихатының қорытындысы бойынша футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогына қатысатын командалардың капитандары мен қақпашыларына ойын жейдесі табыс етілді. Жейдені ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі, кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешев пен ҚФФ Әйелдер комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов табыс етті.

«ФИФА Ұлттық әйелдер лигасын қолдау бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер лигасына алғаш рет ойын жейделері мен футболға арналған жабдықтарды табыс етті. Біз УЕФА мен ФИФА тарапынан үлкен сенімді түсінеміз және барлық жобаларды сәтті жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз», - дейді Бағлан Ергешев.

«Жүзеге асыратын бірнеше жоба бар. Соның бірі - ерлер клубына кезең-кезеңмен қосылу.  Бұл - үш жылға арналған жоба. Алғашқы жылы 17 жасқа дейінгі жасөспірім командалары болуы керек. Екінші жылы 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасы құрылуы тиіс. Үшінші жылы ересектер арасындағы әйелдер командасы құрылып, Қазақстан Чемпионатына қатысады», - дейді Бауыржан Әбдубайытов.

Еске сала кетейік, Шымкентте әйелдер арасында Қазақстан Кубогы өтуде. Финалдық ойын ертең, 8 сәуір күні «БИІК» футбол орталығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу