Кез келген балаға жиі қойылатын сұрақтардың бірі – «Өскенде кім болғың келеді?». Бала кезден-ақ мамандық таңдаудың өзектілігін ұға берсін деген ниет болар. Себебі, мамандық кез келген адам үшін ерекше маңызды.
Өмір бойғы кәсібіміз, нәсібіміз сол. Сондықтан да, жанымыз қалаған әрі бейіміміз бар салаға мамандануға тырысамыз. Бірақ, кейде мамандық таңдауға өмірлік жағдайлар әсер ететін кездер де болады. Былайша айтқанда, біз мамандықты емес, мамандық бізді таңдайды.
Мамандықты қалай таңдаған дұрыс? Кейбір адамдардың алған білімі басқа, өзі мүлде басқа салада қызмет етуіне не себеп? Қазіргі жастар көбіне қай мамандыққа бейім? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.