Астана қаласында жол қозғалысын бақылайтын 70 жүйе орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында жол қозғалысын бақылайтын 70 жүйе орнатылды

06.04.2015
Астана қаласында жол қозғалысын бақылайтын 70 жүйе орнатылды

Астанада интенсивті қозғалыс аумақтарында көліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауын қадағалау мақсатында жол қозғалысын бақылайтын 70 жүйе орнатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты.  Бұл - «Red speed» автоматтандырылған жылдамдық өлшегіш жүйелері мен 13 «Интегра- КДД» жол қозғалысын бақылайтын жүйе.

Астана қаласы ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Тахир Әбдурахмановтың айтуынша, аталмыш құрылғылар адамның көмегінсіз жұмыс істейді және жылдамдықтың артуын, бағдаршамның қызыл шамына өтуді, тоқтау сызықтарын кесіп өтуді жазып отырады.

Барлық тіркелген заң бұзушылықтар автоматты түрде ІІД ӘПБ процесстік орталығына жіберіледі. Заң бұзушылық тіркелген құжаттар, фотофиксациямен бірге сол тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберіледі.

Айта кетейік, аталмыш жүйенің көмегімен үстіміздегі жылдың 3 айында 8 328 жол-көлік ережесін бұзу фактісі тіркелген.

Хабарламаларға жазылу