Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

05.04.2015
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Бұл уақыт аралығында үш жолдастық матч өткізу жоспарланған. Жасөспірімдер құрамасы 10 сәуір күні «Ордабасы» футбол орталығының 1998 жылғы футболшыларымен ойнайды. 16 сәуір күні Қырғыз елінің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездеседі. Тағы бір матч 13 сәуірге белгіленген. Қарсылас команда алдағы уақытта анықталады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына (U-17) келесі футболшылар шақырту алды:

Қақпашылар: Сазонов Владислав («Ертіс»), Бекмырза Мақсат («Қайрат»);

Қорғаушылар: Тұрсынбай Сағадат («Ордабасы»), Бортай Самат («Ордабасы»), Байтен Ерболат («Ордабасы»), Кусяпов Талғат («Каспий»), Кәрімов Батырбек («Ақтөбе»), Аманжол Ерасыл («Атырау»), Михайлов Данил (РКС);

Жартылай қорғаушылар: Пайруз Жанәлі («Астана»), Орал Жандос («Шахтер»), Кан Гаврил («Тараз»), Сүйінов Дарын («Қайрат»), Ярков Никита («Қайрат»), Серіков Сағыныш («Қайрат»), Жақыпбаев Мәди (РКС);

Шабуылшылар: Жақсылық Мұхит («Ордабасы»), Бубненков Давид («Шахтер»), Таласбаев Ерхан («Атырау»), Айманов Марлен («Қайрат»), Попов Артем («Қайрат»), Кұдайбердінов Батыр («Ертіс»).

Бапкерлік штаб: аға жаттықтырушы – Марторелл Карлес, жаттықтырушының көмекшісі – Глушков Борис, қақпашылардың жаттықтырушысы – Кулиш Игорь, дәрігер – Киселев Александр, массажист – Касенов Бесенбай, менеджер – Абдулсатаров Мұзафар, әкімші – Көшербаев Ренат.

                                   

Хабарламаларға жазылу