«Bristol Review» журналы қысқа әңгімелер байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bristol Review» журналы қысқа әңгімелер байқауын жариялайды

04.04.2015
«Bristol Review» журналы қысқа әңгімелер байқауын жариялайды

 

 

«Bristol Review» журналы  «Bristol Short Story Prize» байқауына қатысуға өтініштер қабылдайды. Бәйгеге ағылшын тілінде жазылған 4 мың сөзден аспайтын әңгімелер қабылданады.

1 орын  жеңімпазына - 1 000 фунт  (шамамен, 273 мың теңге), 2 орын иесіне -  700 фунт  (191 100 теңге),  3 орынға  - 400 фунт (109 200 теңге)  сыйақы, сондай-ақ,  британиялық «Waterstones» кітап сату желісінің картасы беріледі.

Өтініштер 30 сәуірге дейін қабылданады. Байқауға қатысу құны әр әңгімеге  үшін – 8 фунт (2184 теңге).

ijnet.org

Сурет: ceteratura.ru

Хабарламаларға жазылу